Шығыс Қазақстанда облысында Ashyq жобасына 8459 нысан қатысуда. 21 қыркүйектегі жағдай бойынша осы нысандарға «қызыл» мәртебесі бар 1386, «сары» мәртебесі бар 2130 адам кірмек болған.
«Соның ішінде «қызыл» мәртебесі бар 77 адамға 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды» деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері. Жалпы, 2021 жылдың тоғыз айында 200 мониторингтік топ 20 700 рейд өткізіп, 59780 нысанды тексерген. Соның ішінде 5310 нысаннан құқық бұзушылық анықталған.Азамат Қасым, Шығыс Қазақстан облысы