Жамбыл облысында 62 млн теңге мемлекет қаражатын жымқырған лауазымды тұлғалар сотталды
Жамбыл облысында 62 млн теңге мемлекет қаражатын жымқырған лауазымды тұлғалар сотталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
226
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 8 ай ішінде атқарылған жұмысын қорытындылады.
Биыл 8 ай ішінде департамент 46 қылмысты тіркеген. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша – 4, кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында – 2, мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу барысында қаражаттарды ұрлау деректері бойынша – 7 негізгі қылмыс тіркелген. Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының Шу аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Д.Тилемисов және аталған мекеменің бас есепшісі С.Аукешева жүйелі түрде қылмыс жасау арқылы 62 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын талан-таражға салған, яғни олар 7 кәсіпкерлік субъектісінің есеп шоттарына атқарылмаған жұмыстар үшін 62 млн теңгеден астам қаражат аударған. Сот үкімімен Тилемисов 8 жылға, ал Аукешева 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды. Облыс деңгейіндегі басшыларға қатысты – 2 (Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департаменті басшысы м.а. Зейнебековқа қатысты ҚР ҚК-нің 366-б., Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Абдибековқа қатысты ҚР ҚК-нің 362-б.), қала, аудан деңгейіндегі басшыларға қатысты – 2 (Жамбыл ауданы ветеринариялық станциясының директоры Тилемисов ҚР ҚК-нің 189-б., Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімінің басшысы Шаимкуловқа қатысты ҚР ҚК-нің 189-б.) іс тіркелген. Сегіз ай ішінде 36 қылмыстық іс сотқа жолданды. Заңсыз іс-әрекеттері үшін 26 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.