Адам өлтіргені үшін 16,5 жылға сотталған әйел өкінішін айтты
Адам өлтіргені үшін 16,5 жылға сотталған әйел өкінішін айтты
© tobyl-torgai.kz
185
оқылды
Түзеу мекемесіндегі тағдырлар айдарын жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз адам өлтіргені үшін 16 жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Мерзімін өтеп жүрген азамат бұған дейін де 2 рет сотты болған екен. Балалар үйінде тәрбиеленген ол қылмыс жасауды жас кезінде бастаған. Себеп — жоқшылықтың зардабы, — деп жазады otyrar.kz. Адам өлтіргені үшін темір торға тоғытылған бұл азаматқа сот 16,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Бүгінде 7 жыл мерзімін өтеген ол балалар үйінде тәлім алған соң, сол кезде жақсы орта түспегенін айтады. Жоқшылықтан зардап шегіп, ұрлық та жасаған. Сол қылмысы үшін бұған дейін де екі рет абақтыға жабылған.
«Сол кезде балалар үйінде жүріп, осындай үйсіз-күйсіз болғандығым шығар мүмкін. Бірінші темекі шегуді үйрендік. Ол кездері 1990 жылдары болды. Жаман компанияларға қосылып, бірінші рет 2003 жылы сотталып кеттім. Ұрлықпен отырдым. 175-баптың 2-тармағымен 5 жыл берді. Сол дүкеннен азық-түлік ұрладым», — дейді жазасын өтеуші.
Сотталушы қылмыс болған күні жолдасы екеуі қонаққа барған екен. Сол кеште ішімдікке ішіп, мас болыпты. Масаң күйде үй иесімен сөзге келіп, арада жанжал пайда болған.
«Біздерді қонаққа шақырды, біз келдік. Отырдық, ол кісілер жаман жүрісті, отырған адамдар емес, өте жақсы адамдар. Содан ерлі-зайыптылар бір-бірімен ұрысты, ұрысқаннан кейін менің жолдасым оған қосылды. Әңгімеден әңгіме шығып, абайсызда әйел адамды өлтіріп алдық. Күйеуім ұрып өлтірді, мен де қол жұмсадым. Қандай ауыр қылмыс жасағанымды сол мезетте-ақ түсіндім, содан аудандық полиция басқармасына өз аяғыммен барып, кінәмді мойындадым», – дейді кейіпкер.
Тар қапаста қамалып отырған ол, адам үшін ең ауыры ар азабын тарту дейді.
«Міне 7 жыл түрмеде отырмын. Қиыны ол жазада емес берген, ең қиыны адамның өз-өзін жегені. Бұл жерде уақыт өтеді, боянасың, таранасың. Өз-өзіңе қарайсың. Кешке жатар уақытында күнде күнделікті өзіңді мүжисің», — дейді.
Мерзімін өтеп бостандыққа шыққаннан соң ешкімнің түрмеге қайта оралғысы келмейтіні анық. Бірақ, қоғам оларды жылы қарсы алып, жұмысқа алмағандықтан, тағы да қылмыс жасап, абақтының ар жағына қайта аттанатындар баршылық екен. https://www.youtube.com/watch?v=_2PwdHT9fMY