Головкин WBA чемпионымен жекпе-жек өткізуге келісті
Головкин WBA чемпионымен жекпе-жек өткізуге келісті
Фото: Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA "суперчемпионы", жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz. Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметінше, бұл айқас 28 желтоқсан Жапонияның Кобе қаласында өтеді. Дегенмен бұл жекпе-жекті DAZN платформасы да жоспарына бекіту керек. Стриминг қызметі Головкиннің Муратамен кездесуіне рұқсат бермесе, бұл айқас өтпейді.