Полиция ғимаратының терезесінен қашпақ болған бұзақы ұсталып қалды
Полиция ғимаратының терезесінен қашпақ болған бұзақы ұсталып қалды
Елордада полиция ғимаратының терезесі арқылы қашпақ болған бұзақы ұсталып қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Осы оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті түсініктеме беріп, оқиғаның Есіл аудандық полиция басқармасында орын алғанын растады.
«Осы жылдың 22 қыркүйегінде полиция қызметкерлері бұзақылық фактісімен 32 жастағы ер адамды ұстап, Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізген болатын. Ол полиция ғимаратының екінші қабатындағы терезесінен қашып кетпек болды. Қашу әрекетінің жолы кесілді. Бұзақылық іс-әрекет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Полиция департаментінен.