«Қазгиромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 24 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Ақтөбеде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. 24 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының орталығында және батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады. Түнде Шығыс Қазақстан облысы аймағының басым бөлігінде -1-6 градус үсік жүреді. Бесқарағай, Үржар аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі. 24 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады, төтенше өрт қаупі сақталады.