Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жылдан аса уақыт бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Көші-қон қызметі 1999 жылы Ресей азаматтығын алған, бірақ Қазақстанда 20 жылдан аса тұрып, жұмыс істеген 73 жастағы ер адамның жеке басын анықтаған. 2011 жылы жас шегіне жеткенде, Ресей азаматы біздің елде зейнетақы алуға өтініш білдірген.
"Қазіргі уақытта заңсыз алынған ақшалай қаражатты қайтару мәселесі қарастырылып жатыр, тәртіп бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 496-бабы ("Азаматтық туралы Заңды" бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді баспасөз қызметі өкілі.