Қазақстан құрамасы Тайландты ойсырата жеңді
Қазақстан құрамасы Тайландты ойсырата жеңді
Фото: kazfootball.kz
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайландты ірі есеппен жеңді. Кездесу Каунас қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы Тайландқа жауапсыз 7 гол соқты. Кездесуде Дәурен Тұрсағұлов (3 минут), Дуглас (14 минут), сонымен қатар Чайвата Джамграджанга автогол (19 минут) Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) және Игита (38) көзге түсті. Топтық кезеңде Қазақстан Коста -Рика (6:1) мен Литваны (3:0) жеңді, сонымен қатар Венесуэламен тең түсті (1:1). Рикардо Каканың шәкірттері А тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті.