Қаражаттың мақсатты жұмсалуын тапсырды
Қаражаттың мақсатты жұмсалуын тапсырды
392
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шым­кент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен 2025 жылға дейінгі «Өз­ге­рістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін бекітілген Жол карта­сының орындалуы бойынша бюро отырысы өтті.

Аталған жиынның күн тәр­тібінде «Nur Otan» партиясы де­путаттық фракциясының кезекті мә­жілісінде бюро отырысында қарау ұсынылған Жол картасын жүзеге асыруда орындалмау қаупі бар тармақтар қаралды. Осы жұ­мыстар бойынша жауапты бас­қарма басшылары баяндама жа­сады. Ең алдымен, 68 тармақ бойынша Шымкент қалалық Кә­сіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма­сы­ның басшысы Береке Дүйсебеков есеп берді. Ол басқармаға қатысты 18 іс-шараның 4-тармағы толық орындалғанын және 12-тармақта көрсетілген жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталатынын, соңғы 2-тармақ келер жылы жүзеге асы­рылатынын баяндады. Сондай-ақ  Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ве­те­ринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков Жол карта­сының 70-тармағы бойынша 136 гектар құрайтын Агроиндустриал­ды аймақ құру және 71-тармақ бойынша 89 гектар аумаққа жыл сайын 15-20 га жылыжай салудың орындалу барысын ортаға салып, инвесторларға мемлекет тарапы­нан қолдау көрсетілмесе жылыжай кешендерін салу жобалары іске асырылмай қалу қаупі басым екенін жеткізді. Өз кезегінде 102 және 104-тар­мақ­тардың іске асырылуы бойын­ша Шымкент қаласының Жайлы ортаны дамыту бас­қарма­сының басшысы Ғалымжан Ильясов баян­дама жасап, қаланың эколо­гиялық ахуалын жақсартуға бағыт­талған тармақтардың жүзеге асы­рылу барысын сөз етті. Бюро отырысында баяндалған тармақтардың орындалуы бо­йынша ұсыныс-пікірлер айтылып, сапалы іске асырылу барысы тал­қыланды. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы  Мұрат Әйтенов отырыс соңында қалалық партия филиалы мен жауапты басқарма басшы­ларына  Жол картасында көрсетіл­ген индикаторлардың уақытылы және сапалы орындалуын тап­сырды. Ол сонымен қатар орын­далмай қалу қаупі бар 9 іс-шараның жұ­мысын және нысандарға бө­лінген қара­жаттың мақсатты жұм­салуын қатаң бақылауға алуды айтып, күн тәр­тібінде қаралған мә­селелер бо­йынша қаулы қа­былдады.

Әбілмансұр ЖАСАН