Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик турнирде екінші айналымнан бастап дүниежүзілік рейтингте 60-орында тұрған серб Миомир Кецмановичпен кездесті. Тартысты өткен матчта отандасымыз 2:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екі сағатқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 18 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін дәл көздеді. Қарсыласы 4 эйс, 2 (7 брейк-пойнт) брейкке қол жеткізді. Бублик жартылай финалға шығу үшін Беларусь өкілі Егор Герасимов немесе испан Карлос Табернермен кездеседі. Айта кетерлігі, бұл теннистен еліміздің жалғыз жетістігі емес. Жақында Елена Рыбакина Острава турнирінің ширек финалына шыққан еді.А. ЖОЛДАС