Мұстафа Өзтүрік саябағы ашылды

Мұстафа Өзтүрік саябағы ашылды

Түркияда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» тақырыбында Қазақтардың кіші құрылтайы өтті.

Кіші Құрылтайды Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігінің қолдауымен «Отандастар қоры» Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығымен бірлесіп ұйым­дастырды. Қазақтардың кіші құ­рыл­­тайының жұмысына Түркия мен Еуропа елдеріндегі қазақ қауым­дастықтарының, Қазақстан­ның мәдениет мекемелері мен жоғары оқу орындарының 100-ден астам өкілі қатысты. Іс-шара аясында шетелдегі қазақ диаспораларының өзекті мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмасу болды. Айталық, Кіші құрылтайдың бағдарламасы көптеген мәдени-ағарту іс-шарасын қамтыды. Стамбұл қаласының Бағдылжар ауданында белгілі спортшы Мұс­тафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті. Кіші құрылтайға қатысушылар үшін қазақстандық музейлер мен жоғары оқу орындары «Алтын тамырлы Атажұрт» көрмесі, сондай-ақ Түркиядағы қазақ диаспорасы­ның жастары үшін «Білім көр­ме­сінің» тұсаукесері ұйымдас­тырылды. Сондай-ақ шетелдік іскер қазақ қауымдастығымен кездесу барысында «Алыстағы ағайын» деректі фильмі көрсетілді. Казақ­тардың кіші құрылтайы іс-шаралар бағдарламасы аясында Қарағанды облысынан келген Тәттімбет Қазан­ғапұлы атындағы академия­лық қазақ халық аспаптар оркес­трінің қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық тарап Кіші құрылтайға қатысушыларға қазақ елінің мәдениеті, тарихы, Қазақ­стандағы қазіргі өмір туралы әдебиеттерді сыйға тартты.

А. АЙДАРҚЫЗЫ