Жемқорлықпен күрес жұмысы талқыланды
Жемқорлықпен күрес жұмысы талқыланды
214
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі қоғамдық кеңесі отырыс өткізді.

Кездесуде кеңес мүшелері Алматы облысының Сәулет және құрылыс басқармасы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысын сөз етті. Талдықорған және Текелі аумақтық партия филиалдары жа­нындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қо­ғам­дық кеңестің жұмысы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағ­дарламасының орындалу бары­сы да талқыланды. Отырысқа Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша депар­таменті басшысының бірінші орын­басары Жандос Жұмабаев, кеңес төрайымы Римма Салықова, кеңес мүшелері мен аумақтық партия филиалдары қатысты. Олар жиында сыбайлас жемқорлықпен күрестің жыл басынан бергі нәти­желері мен атқарылған қызмет барысымен жіті танысты. Облыс­тық филиал жанындағы бұл кеңес­тің төрайымы Римма Салықова есеп берген бірқатар басқарма бас­шыларына сыбайлас жемқор­лық­пен күресте партияның алдын алу шараларының маңызы мен мониторинг жұмыстарының уа­қы­тылы әрі сапалы жүргізілуі қа­жет екенін айтты. Отырыс соңында арнайы хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті сала мамандарына ұсыныс, ескертпелер жасалды. Айта кетейік, Алматы облы­сын­да партияның аймақтық, ау­мақтық филиалдарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің 159 отырысы өткізілді. Аталған отырыстарда 509 ұсыным беріліп, оның 388-і орындалды.

Әбілмансұр ЖАСАН