Ақмола облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды
Ақмола облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды
Фото: ПД-нен алынды

Полиция департаментінің мәліметінше, Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Веденовка ауылының 47 жастағы тұрғыны арызданған.

Биыл 20 қыркүйектен бері із-түзсіз жоғалған қызы Аягөз Сағындыққызы Қапезованы іздеп табуға көмек сұраған. Оның айтуынша, 15 жастағы қызы белгісіз бағытта кетіп қалған. Ал 22 қыркүйек күні кешкі 21.30 шамасында жедел іздестіру нәтижесінде жоғалған жасөспірім табылды.

«Қазіргі уақытта қыз ата-анасына тапсырылған. Оған қатысты қандай да бір заңға қайшы әрекет жасалған, жасалмағанын тексеріп жатырмыз», – деді полицейлер.