Air Astana ұшағының аяқасты Атырауға қонған себебі белгілі болды
Air Astana ұшағының аяқасты Атырауға қонған себебі белгілі болды
Фото: m.yk-news.kz

«23 қыркүйек күні сағат 21:35-те Атырау халықаралық әуежайына «Boeing-767» ұшағы мәжбүрлі түрде қонды. Себебі, жанар-жағармай жүйесіндегі техникалық ақау. Ұшақ Нұр-Сұлтан-Стамбұл бағытында ұшып бара жатқан. Ұшақ Air Astana әуе компаниясына тиесілі», – деді Атырау облыстық ТЖД-нің өкілі.

Ұшақ бортында 205 жолаушы, оның ішінде 5 бала және экипаждың 5 мүшесі болған. 4 жолаушы Атырау қаласында тұратын туыстарының үйіне барса, 2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кеткен. Ал қалған 199 жолаушы Sulo Hotel қонақүйіне орналастырылған.

«Ұшақты техникалық қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін сағат 14:00-де «Boeing-767» ұшағының Стамбұл қаласына ұшып шығуы жоспарланған» делінген хабарламада.