Қазақстандықтар қанша елге ПТР тест тапсырмай-ақ бара алады?
Қазақстандықтар қанша елге ПТР тест тапсырмай-ақ бара алады?
Фото: tengrinews.kz
130
оқылды

Сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд және Түркияның уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша ноталармен алмасты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Коронавирусқа қарсы вакцинаның 2- компонентін алған Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ға қарсы вакцинация паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады. Сонымен бірге, Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспорттарын біржақты тәртіппен таныды. Қазақстан азаматтары шекарадан өткенде вакцинация паспортын ұсыну жеткілікті» делінген хабарламада.