Жамбыл облысында жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы тірідей өртеніп кетті
Жамбыл облысында жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы тірідей өртеніп кетті
© liter.kz
112
оқылды
Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, өртке оранған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 23 қыркүйек түнгі сағат 23:15 шамасында Жуалы ауданының Б.Момышұлы және Қошқарата тас жолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөліктері соқтығысты. Соқтығысудан кейін автокөліктер өртке оранған. Өрт салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. ЗИЛ-130 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесіне сай істің мән-жайы жария етілмейді. https://www.youtube.com/watch?v=TJsxt5golHw&t=39s