«Суть времени» жасағы Игорь Дужновтың Донбасстағы соғысқа қатысқаны туралы мәліметке пікір білдірді
«Суть времени» жасағы Игорь Дужновтың Донбасстағы соғысқа қатысқаны туралы мәліметке пікір білдірді
«Суть времени» жасағы «ВКонтакте»-дегі  ресми парақшасында Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов өздерінде қызметті етті деген мәліметті жоққа шығарды.   Жасақ мүшелерінің хабарлауынша, Дужнов осы құрылымда қызметті етті және осы ұйыммен байланысы бар деген мәлімет шындыққа жанаспайды.
«Игорь Дужновқа қатысты шыққан мәліметке байланысты құрылым құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін «Суть времени» жасағында Қазақстан азаматтары қызмет етпегенін хабарлаймыз.  Жасақ мүшелерінің ешқайсысы  Игорь Дужновты танымайды. Игорьдің Донбасста түскен суретіндегі адамдар да онымен таныс емес», − деп пікір білдірді жасақ өкілдері.

Бұған дейін Алматыда 5 адамды өлтірген күдіктінің Донбасстағы соғысқа қатысқан фотосын жариялаған болатынбыз.