Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылды. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы.
 />Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Ұлттық жобалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ұлттық жобалар жөніндегі баяндаманы мұқият тыңдаған Мемлекет басшысы кеңестің өткен отырысында ұлттық жобалардың тізімі мақұлданғанын және оларды қаржы жағынан қамтамасыз ету, қорытынды нәтижелерінің шынайылығы, тиімсіздікке жол бермеу тұрғысынан пысықтауға тапсырма берілгенін еске салды.
<blockquote>– Бұл бағытта жұмыс жүргізілгенін көріп отырмыз. Қаржыландыру мәселесіне қатысты сұрақ бар. Презентацияға сәйкес, жекелеген іс-шараларды жүзеге асыру шығынының бір бөлігін көтеру, яғни 3,3 триллион теңге қаржы бөлу жергілікті бюджетке жүктеліпті. Бұл аз қаражат емес. Жергілікті бюджет бұған дайын ба? Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бюджетаралық қатынастардың нақты механизмдерін анықтап алу керек. Жергілікті жерлерде ұлттық жобаларға бөлетін қаржысын бақылау қажет. Үкімет аталған мәселені мұқият пысықтауы керек, – деді Президент.</blockquote>
<img src=