Қазақстандық балуан шетелдік жұлдыздарды таңғалдырды
Қазақстандық балуан шетелдік жұлдыздарды таңғалдырды
Фото: sputnik.kz

Күш көрсеткіші бойынша төрт дүркін әлем рекордын орнатқан, Гиннес кітабына енген және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников кезекті видео түсіріп, америкалық жұлдыздарды таңғалдырды.

Бір күн ішінде видеоны 2,3 миллионнан аса қолданушы қарап, 5 мыңға жуық пікір қалдырған.   width=
"Менің мақсатым – Қазақстан мәдениетін, өткеннің мықтыларын дәріптеу, күш мәдениетін сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу. Қазір технологиялар дәуірі, сондықтан оны әлеуметтік желілерде тарату ең жақсы жолы. Менің тағы бір бейнебаяным сегіз апта бойы америкалық чарттарда жетекші орында болды. Ол 160 миллионнан аса қаралым жинады", – деді Цырулников.
Қазақ балуанының TikTok-тағы бейнелері де өте танымал және әлемдік трендтерге түседі. Төрт миллионнан аса оқырман Цырульниковке жазылған, ал видеолары 10 миллион қаралым жинайды.