Маңғыстаудағы Бейнеу ауданында шаңды дауыл тұрды, – деп жазады Lada.kz. Бейнеу ауданы бойынша ауа райы күрт нашарлап, шаңды дауыл соғуына байланысты түстен кейінгі ауысымда оқитын 8451 мектеп оқушысы онлайн форматқа ауыстырылған. https://www.youtube.com/watch?v=jIWU9AwGh-M&t=15s
"Мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Оқушылардың үйден шықпауын қадағалауыңызды сұраймыз. Қолайсыз ауа райына байланысты аудан аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда полиция экипажы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты", – деп хабарлады Бейнеу ауданының әкімдігі.