Нұр-Сұлтанда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт шықты
Нұр-Сұлтанда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт шықты
173
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.  width=
«24 қыркүйек күні сағат 19:35 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Кенесары көшесі, 3А мекежайынан түтін көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр алаңда рубероид пен жиналған қоқыс жанып жатқанын анықталды», – делінген хабарламада.
Өрт сағат 19.49-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.