Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды
Фото: kazfootball.kz
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Иран құрамасымен кездеседі. Ирандық құрама бүгін 1/8 финалда Өзбекстан құрамасын 9:6 есебімен тізе бүктірді. Осылайша енді 1/4 финалда Иран құрамасы Қазақстанға қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойын 27 қыркүйек күні Каунас қаласында өтеді. 23 қыркүйекте Қазақстан жарыстың аталған сатысында Таиландтан 7:0 басым түсті. Сол күнгі тағы бір кездесуде Аргентина Парагвайды 6:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ әлем чемпионатының ширек финалында Марокко - Бразилия, Ресей - Аргентина құрамалары жолығады.