Вакцинация паспортын қай ел мойындады?

Вакцинация паспортын қай ел мойындады?

Қазақстан Үкіметі отан­дық вакцинация паспортын (ВП) әлемде мейлінше көп елге мойындату бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Елі­міздің Сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғыз Республикасы, Мажарстан, Мол­дова, Моңғолия, Тай ланд және Түркияның уәкі­летті органдарымен ВП-ны өзара тану ноталарымен ал­масты.

Осылайша, коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстанның және осы елдердің азаматтары ВП негізінде мемлекеттік шекараны пандемия шектеулерінсіз, яғни ПТР-тест тапсырусыз, карантинсіз кесіп өте алады. Бұған қоса Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шет мемлекеттер қатарын­да еліміздің де вакцина паспортын біржақты түрде таныды. Тиісінше, қазақстандықтардың бұл елдерге кіруі жеңілдеді. Олар­ға бару үшін азаматтарға шекаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ға қарсы екпе ал­ғанын растайтын құжатты ұсын­са жеткілікті. Қазір Қазақстан бірқатар елмен – Ресей, Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбек­стан, Филиппинмен вакцина паспорттарын өзара тану жөнін­де келіссөз жүргізуде. Бұл жұмыс тұрақты жалғасады және СІМ-нің бақылауында.

Айхан ШӘРІП