Ақынның аты өшпейді

Ақынның аты өшпейді

Алматыда ақын Шөмішбай Сариев тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды.

Мемориалды тақта Шөмішбай Сариев тұрған «Самал -2» шағын­ауданындағы №43 үйдің қабыр­ғасына орнатылды. Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, зиялы қауым өкілдері мен ақының туған-туыс­тары қатысты. «Бүгін ерекше тарихи күн. Қазақтың біртуар ақыны Шөміш­бай Сариевтің тұрған үйінде ескерткіш тақта ашылды. Ақынның сөзіне жазылған әндер әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Менің репертуарымда Шөмішбай ағаның сөзіне жазылған біраз ән бар. Соның ішінде «Атамекен» әнін ерекше атап өткім келеді. Бұл ән кең-байтақ қазақ даласына кеңінен танылған. Мен өте бақыттымын. Дүниежүзінің сахнасында «Атамекен» әнін орындағанда көрермен­дер көздеріне жас алады. Әсіресе, шетелдегі қазақтардың жүрегін елжіретті. Тіпті, осы әннің арқа­сын­да атамекеніне оралған қандас­тарымыз да бар. Шөмішбай ағаның керемет өлеңдері бар кезде ол кісінің есімі ешқашан өшпейді», – деді Халық әртісі Роза Рымбаева.  

    А.ЖОЛДАС