Табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың 85 пайызы көпбалалы отбасында тұрады
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың 85 пайызы көпбалалы отбасында тұрады
One hundred dollar banknotes pattern background

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың 85%-ы – үлкен және көп балалы отбасынан шыққандар. Ал ең кедей өңірлер – Түркістан мен Ақмола облысы, Шымкент, – деп хабарлайды Informburo.kz сайты. 

2021 жылдың ІІ тоқсанында табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын қазақстандықтар 4,8%-ды құрады. Қалаға қарағанда ауылда тұрмысы нашар отбасылар көбірек. Біріншісінде – 3,4%, ал екіншісінде – 6,8%. Ал 2019 жылы қаладағы кедей тұрғындар үлесі – 4,2% болса, ауылда – 7,8%. Табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар келесі өңірлерде көбірек қоныстанған:
  • Түркістан облысы – 10,5%;
  • Ақмола облысы – 6,6%
  • Шымкент – 5,6%.
Өткен жылмен салыстырғанда Түркістан облысында жағдай жақсарып, кедейлік шегі 2,3 пайыздық пунктіге дейін төмендеді. Бұдан өзге Солтүстік Қазақстан облысында кедейлік шегі 2,5 пайыздық пунктіге, 4,9%-ға дейін түсті. Республика бойынша, тек 2 өңірде кедейлік деңгейі өткен жылға қарағанда айтарлықтай өскен:
  • Маңғыстау облысы – 1,1 пайыздық пункт, 5,4%-ға дейін;
  • Елордада – 0,5 пайыздық пункт, 1,9%-ға дейін.
Көбінесе 5 адамнан артық үй шаруашылықтарының табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мұндай 761,9 мың адам бар.
  • 99,4 мың жан – 4 адамнан құралған;
  • 38,9 мың – 3 адамнан;
  • 8,3 мың – 2 адамнан;
  • 794 жан бір адамнан құралған шаруашылықта тұрады.
Жалпы 909,3 мың адам табысы төмен шаруашылықта тұрып жатыр.