Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді. Онда ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге, кеден ісі саласындағы электрондық сүйемелдеуге және оны әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.
Сенат комитетінің төрағасы Ольга Перепечина кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті.«Республикалық бюджет пен республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қарау кезінде сыртқы экономикалық қызмет, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру маңызды әрі өткір мәселелердің бірі болып табылады», - деді Ольга Перепечина.