Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сурет: inform.kz
143
оқылды

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Ashyq» жобасын енгізуге қатысты жаңа қаулы шығарды, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында: Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылады:
  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  • спа-орталықтары;
  • моншалар, сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • әуежайлар;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  • балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  • цирктер;
  • отельдер, қонақ үйлер;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  • темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
  • (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық-түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
  • балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
  • букмекерлік конторалар;
  • сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
  • барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап QR-кодты сканерлеу кезінде ерікті түрде тіркеле отырып);
  • спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
  • білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
  • діни объектілер;
  • ойын клубтары (казино);
  • «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы.
2. Қоса беріліп отырған: осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі; осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі; осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі; осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары; осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттары; осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітіледі. Сондай-ақ, Қаулының 4-қосымшасына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына: жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі.
«Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», – делінген қаулыда.