Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады. 26 қыркүйекте Қостанай облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде 23-28 м/с. Алматы облысының солтүстігінде 2°С үсік сақталады. 26 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстік аудандарында шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысында солтүстік-батыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз батыста 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. 26 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 26 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 26 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан жел соғады.