Босфор бұғазында екі жүк таситын кеме соқтығысып қалды
Босфор бұғазында екі жүк таситын кеме соқтығысып қалды
224
оқылды
Ресейдің «Rusich 10» және Түркияның Tashin Imamoglu жүк таситын кемелері сенбі күні Босфор бұғазында соқтығысып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды. Ақпаратқа сәйкес, Түркияның «Tahsin İmamoğlu» 90 метрлік жүк кемесі Коджаэли провинциясынан Қара теңіз жағалауындағы Карадениз Эрегли өнеркәсіптік портына бара жатқан. Ал ресейлік «Rusich 10» (128 метр) кемесі Бурса провинциясының Гемлик ауданынан Ресейге бағыт алған.