400-ден астам жұмыссыз азамат жұмысқа орналасты
400-ден астам жұмыссыз азамат жұмысқа орналасты
140
оқылды
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары аудандарының және Алматы қаласының «Nur Otan» партиясы филиалдарына 400-ден аса жұмыссыз азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін өтініш білдірген. Өтініш иелерінің мәселелері бойынша аудандық мәслихат депутаттары жеке қабылдау өткізіп, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететінін жеткізді. Қоғамдық қабылдаулардың жергілікті жұмыспен қамту органдарымен, кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен ынтымақтастығының, депутаттық фракцияның белсенді жұмысының арқасында партияға өтініш білдірген азаматтардың 74%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Өтініш иелері «Nur Otan» партиясына  алғыс білдірді.  width=