Аудан орталығындағы көшені жөндеп берді
Аудан орталығындағы көшені жөндеп берді
Қобда ауданының тұрғыны Салтанат Нұрмағамбетова 1 қыркүйек  күні «Nur Otan» партиясы филиалы Қобда аудандық бөлімшесінің басшысы Б.Құрманиязовтың қабылдауына аудан орталығындағы И.Білтабан атындағы көшені жөндеу мәселесімен келген болатын. Өтініш иесін қабылдаған Қобда аудандық бөлімшесінің басшысы  Салтанат Нұрмағамбетованың өтінішін қарастыра отырып, партияның сайлауалды бағдарламасының №26 (26,2) бөліміне сәйкес партия филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының кезекті тексерiсiнде  И.Бiлтабан атындағы көшеге орташа жөндеу  жұмыстарын жүргізу ісі осы жылға жоспарланғаны  анықталды. Осыдан кейін көшені жөндеу жұмыстары басталды. Қазiр жолдың қыру-тегiстеу жұмыстары аяқталып, қиыршық тастар төселді. Жұмыстың 50%-ы атқарылды. Мердiгер компания жыл соңына дейін қолданысқа берілетінін жеткiздi. Мәселе шешімін тапқан соң  өтініш иесі «Nur Otan» партиясының Қобда аудандық филиалына өз алғысын айтты.