Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында екінші алтынды жеңіп алды
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында екінші алтынды жеңіп алды
Фото: Sports.kz
120
оқылды
Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов  Мәскеуде әскери қызметкерлер арасында бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады Sports.kz. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Нұрсейітовке жастар арасындағы әлем чемпионы ресейлік Алексей Семыкин қарсы шықты. Жекпе-жек төрешілердің шешімі бойынша Нұрсейітовтің жеңісімен аяқталды. Осылайша, Тимур Нұрсейітов Қазақстан құрамасына бұл турнирдегі екінші алтынды алып келді. Бұған дейін 49 келідегі Теміртас Жүсіпов те чемпион атанған болатын. Сонымен қатар, 52 келідегі Дамир Әбдіқадір де алтынға ие болды, бірақ жекпе-жектен кейін комиссия төрешінің шешімін қайта қарап, ресейлік қарсыласын жеңімпаз деп атады. Бүгін Қазақстандағы соңғы финалист 91 келідегі Абзал Құттыбеков болады.