Әлем чемпионын жеңген қазақ боксшысының видеосы жарияланды

Әлем чемпионын жеңген қазақ боксшысының видеосы жарияланды

Қазақстан боксшысы Тимур Нұрсейітов 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бокстан әлем чемпионатының финалында ресейлік Алексей Семыкинмен жұдырықтасты.   Жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Нұрсейітов жеңіске жетті. Жекпе-жектің ең қызық сәттерінен видео жарияланды. Осылайша, Тимур Нұрсейітов турнирде Қазақстанға екінші алтын медальды әкелді, – деп жазады  Sports.kz. Теміртас Жүсіпов (49 кг.) жарыста алғашқы чемпион атанды. Сондай-ақ бастапқыда "алтынды" Дамир Әбдіқадыр (52 кг.) жеңіп алған еді, бірақ кейін комиссия Дмитрий Двалимен болған жекпе-жектің шешімін қайта қарап, ресейлік боксшының пайдасына шешті.