Жанжал және 3 "алтын": Қазақстан боксшылары әлем чемпионатының финалында қалай өнер көрсетті?
Жанжал және 3 "алтын": Қазақстан боксшылары әлем чемпионатының финалында қалай өнер көрсетті?
Фото: Sports.kz.
145
оқылды
Қазақстан боксшылары әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының финал қорытындысы бойынша 3 алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Sports.kz. Теміртас Жүсіпов (49 кг.), Тимур Нұрсейітов (75 кг.) және Абзал Құттыбеков (91 кг.) елге "алтын" әкелді. Дамир Әбдіқадір (52 кг.) жанжалмен күміс жүлдегер атанды: бастапқыда төрешілер оны жеңімпаз деп атады, бірақ кейін комиссия жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап, қазақстандықты "күміспен" қалдырды. Сонымен, нәтиже мынадай: 49 кг. Теміртас Жүсіпов – Леандерсон Консейсао (Бразилия) — төрешілердің шешімімен Жүсіпов жеңіске жетті. 52 кг. Дамир Әбдіқадір  – Дмитрий Двали (Ресей) — шешімді қайта қарап, жеңісті Двалиге берді. 75 кг. Тимур Нұрсейітов – Алексей Семыкин (Ресей) — төрешілердің шешімімен Нұрсейітов жеңді. 91 кг. Абзал Құттыбеков – Иван Сагайдак (Ресей) — Құттыбеков жеңіске жетті.