Өзін зорламақ болған көршісін өлтірген әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

Өзін зорламақ болған көршісін өлтірген әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

Өзбекстанның Қашқадария облысында 25 маусым күні жүкті әйел зорлауға талпынған көршісін пышақтады.

Ер кісі пышақ жарақаты салдарынан көз жұмды. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, кісі өлтіру қылмысы бойынша, алдын ала тергеу аяқталып, іс Шыршық ауданының сотына жолданған. Әйелді "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша соттайды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп жазды "Новости Кашкадарьи" басылымы.