Кітап форумын аралап көрген мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын атап өтті.
Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында кітап фестиваліне барғанын айтты.«Жыл сайын өтетін VII Kitap Fest кітап фестиваліне қатыстым. Кітапқұмарлардың арасында жастардың көптігі қуантады», - деп жазды Алматы әкімі.Фестиваль аясында кітап дүкендері мен баспалардың үлкен жәрмеңкесі, "Жазушылар шатырында" қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері, пікір мен кітап алмасу, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі өтуде. Фестиваль қонақтары 5 мың кітапты тегін алды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, фестивальге ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар қалалықтар қатысады, бетперде тағу міндетті болып табылады.