Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында 7 медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында 7 медаль жеңіп алды
234
оқылды
Бокстан Қазақстан құрамасы әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша ел қоржынына үш алтын, бір күміс және үш қола жүлде түсті. 49 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, 75 келіде Тимур Нұрсейітов, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абзал Құттыбеков жарыс жеңімпаздары атағына ие болды. 52 келіде Дамир Әбдіқадір күмісті місе тұтты. Қола жүлдегерлер қатарында Рустем Шауменов (56 келі), Айтжан Әшірхан (64 келі) және әйелдер арасында Жасмин Қизатова (69 келі) болды.