Маңғыстауда жоғалған жігіт бір жарым айдан бері табылмай жатыр
Маңғыстауда жоғалған жігіт бір жарым айдан бері табылмай жатыр
Фото: lada.kz
171
оқылды
Азамат Сәдуақасов 10 тамызда 16 шағынаудандағы №42 үйдің пәтерінен шығып кетіп, содан кейін оралмаған. Туыстары оның жоғалғаны туралы полицияға 22 тамызда өтініш берді. Өткен сенбі, 11 қыркүйекте туған-туыстарына полициядан қоңырау шалып, Маңғыстау ауылында адасып жүрген осындай жас жігітті көргенін хабарлаған. Туыстары бірден сол жерге барғанмен, оны таба алмады, – деп жазады lada.kz. Кейінірек полиция туыстарына 15 шағынауданда теңізден табылған адамның суретін көрсеткен. Туыстары қайтыс болған адам оған ұқсамайды деп санайды. Олар тану үшін 1 шағынаудандағы мәйітханаға барды. Ал олар денесі 17 күн жатып, жерленгенін хабарлаған. Қазір азаматтың туыстары Атырауда ДНҚ генетикалық сараптамасының нәтижесін күтіп отыр. Келесі айда Азамат Сәдуақасов 25 жасқа толады. Ол бір жыл бұрын үйленген. Азамат Сәдуақасовтың тұрған жері туралы қандай да бір ақпарат беру үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 87029587191, 87753285512.