Оралда ойын алаңында құлап, комаға түскен бала есін жиды

Оралда ойын алаңында құлап, комаға түскен бала есін жиды

Дәрігерлер баланың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

Бүгін БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы бір қалыпқа келді, – деп мәлімдеді.
"Бала есін жиды. Жағдайы жақсаруға бет алған, тұрақты деп бағалануда", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
25 қыркүйекте 9 жасар бала В.Громов көшесінде орналасқан ойын алаңында құлап кетіп, жаттығу арқанына оралып қалған. Бала "тұншығу" диагнозымен ауруханаға жеткізілген.
"Ойын алаңдарындағы балалар жарақатының негізгі себебі — ата-аналар балаларын тиісті түрде қадағаламауы", – деп атап өтті БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.