Анық-қанығын иммунолог, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рафаил Розенсон айтты. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды, – деп хабарлайды astana.gov.kz.
Профессордың айтуынша вакцинация вирустың мутациялануын азайтып, олардың жиілігін арттырмайды.Медицина ғылымдарының докторы вакцинация адамның ДНҚ-сы мен репродуктивті әлеуетіне әсер ете ме деген сұраққа да жауап берді.«Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі: Вакцинация мутацияға әсер етпей ме? Бүгінге дейінгі анықталған клиникалық мутациялар – альфа, бета, гамма, дельта, йота және басқалары вакцина енгізілгенге дейін анықталған. Коронавирустың ең көп мутацияланған түрі – дельта. Бұл Үндістанда жаппай вакцинациялау басталғанға дейін үш ай бұрын пайда болды. Ал жаппай вакцинациялау енгізілгеннен кейін науқастар қатары азаяды. Яғни вакцинация вирустың мутациялануын азайтып, жиілігін арттырмайды», – деді Рафаил Розенсон.
Дәрігердің айтуынша ғалымдардың көпшілігі мына бір нәрсемен келіседі: науқас коронавируспен ауырып, немесе ауырмай тұрып вакцина алса, артынан ауырып, сауығып кетсе, қорғаныс әлдеқайда күшті болады. Ол, сондай-ақ, алда ЖРВИ және тұмау маусымы келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, былтыр локдаунның толық енгізілуіне байланысты азаматтар ауруды өршітіп алған. «Иммунитет жаттықпаған. Биыл да тұмау қабаттасып келсе не болмақ – бұл сауалға аллергиясы бар, иммунитеті төмен пациенттерді күніне бірнеше рет қабылдау кезінде жауап беремін. Менің жауабым: аллергиясы бар науқастың бәрі ремиссияға қол жеткізіп, КВИ-ға қарсы вакцинация алуы керек. Тұмаудан өлу көрсеткіші – миллионнан бір рет кездесуі мүмкін. Вакцинациядан өлу мүмкіндігі – сәл жоғары, бес жүз мыңнан біреу. Коронавирустан өлу мүмкіндігі – 1:50. Яғни 10 000 есе жоғары. Сонымен, егер жасыңызға байланысты (үш жасқа дейін немесе 65 жастан асқан) немесе қосымша аурулар болса, тұмауға шалдығу қаупі бар. Тиісінше вакцина алған абзал» – деді ол.«Әлбетте олай емес. Екпені ең алғаш 1795 жылы Дженнер енгізгеннен бастап есептесек 226 жыл болыпты. Бүгінге дейін екпенің салдарынан мутацияланған адам болған емес. Ал антиваксерлер сол заманда-ақ болған. Қазір де жоқ емес», – деді ол.
Бұған дейін вакцинадан соң қайтыс болған дәрігер туралы жазған болатынбыз.