Әуел баста Алматы қалалық Полиция департаменті жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні анықтады.
Жол ережесін өрескел бұзған жігіт көпшілік алдында кешірім сұрады.«Жәнібек көшесінің бойымен жүрген Toyota Сamry көлігінің жүргізушісі бірден анықталды. 2002 жылы туған тұрғынның есімі – Нұрболат. Оның Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігі, 601-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі және 596-бабының 3-бөлігінде көзделген ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды, сотқа жіберіледі», – деді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.