Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектептерде жаппай сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектептерде жаппай сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша,  қатты аязға байланысты сабақтар болмайды. Өңірдегі білім басқармасының мәліметіне сәйкес,  – 30 градус аязға байланысты Семей қаласында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Сонымен қатар, Шемонаиха, Ұлан, Бородулихин, Күршім, Қатон-Қарағай аудандары мен Курчатов және Риддер қалаларында І ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды.
Сондай-ақ Көкпекті, Бесқарағай аудандарында 1-ден 11-сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды. Ал Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Айта кетейік, ең суық Көкпекті және Алтай аудандарында ауа температурасы -31-ге дейін төмендеді.