Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: saryarqanews.kz
513
оқылды

Компания Директорлар кеңесінің шешімімен Айдын Ақанұлы Айымбетов  «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Айдын Айымбетов 1972 жылы қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің борт инженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында жұмыс істеді: 2009-2010 жж. – ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі; 2010-2011 жж. – ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры; 2011-2014 жж. – «ҰҒЗТО» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары; 2014-2016 жж. – «ҰҒЗТО» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары; 2016-2019 жж. – «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі вице-президенті. 2019-2021 жж. – «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі. 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды.

Айдын Айымбетов – Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан» орденімен марапатталған.