Пермьдегі кісі өлімі: 20 жыл бойы жасырынып жүрген ресейлік Павлодарда ұсталды
Пермьдегі кісі өлімі: 20 жыл бойы жасырынып жүрген ресейлік Павлодарда ұсталды
Фото: ainews.kz

Павлодар облысында «Іздестіру» іс-шарасы өтті.

«Ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 5 күдікті ұсталды. Бұрын хабар-ошарсыз кеткен екі адамның мекенжайы анықталды. Мысалы, Павлодар қаласында полиция қызметкерлері Ресейдің Пермь қаласында кісі өлтіргені үшін айыпталған 46 жастағы қашқын қылмыскерді ұстады. Анықталғандай, 2001 жылы ер адам қызды өлтіріп, қылмыс жасағаннан кейін Павлодар қаласына келген. Ол фамилиясындағы бір әріпті әдейі өзгерткен. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері сот пен тергеуден жасырынып жүрген 74 күдіктіні ұстады.