Желіде «ҚазМұнайГаз» АҚ атынан ұтыс туралы ақпарат тарады
Желіде «ҚазМұнайГаз» АҚ атынан ұтыс туралы ақпарат тарады
Фото: kmg.kz
166
оқылды
Қазнетте алаяқтар тағы да бір әрекетке көшті. Бұл жолы олар пайдаланушыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы атынан сауалнамадан өтіп, 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алуды ұсынады. Алайда компания қазіргі уақытта ақшалай сыйлықтар берілетін сауалнамалар мен ұтыс ойындары өткізіліп жатпағанын хабарлады, — деп жазады stopfake.kz.
– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде науқан туралы жалған ақпарат таратылуда. Біз сауалнама өткізу арқылы ешқандай акция және ақша ұтысын ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Баршаңызды сақ болуға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырамыз, – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі.
Интернет-алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Оның мәні – пайдаланушылардың жеке ақпаратын, олардың карталарының төлем деректерін, логиндерді, парольдерді және т.б. иемдену.