Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Елбасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованы қабылдады

К.Шәмшидинова PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері дүние жүзінде математикадан үшінші орында, жаратылыстанудан бесінші орында тұрғанын, оқу сауаттылығы бойынша тоғызыншы орында екенін айтты.

Рая Мінап Рая Мінап
Қыркүйек 27, 2021
Елбасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованы қабылдады 1
64
қаралым

Кездесуде Елбасыға еліміздегі зияткерлік мектептердің қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспары туралы баяндалды, – деп хабарлады elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2008 жылдан бері республика бойынша жиырмадан астам жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балалар үшін үлкен демеу болғанын  атап өтті. Осыған дейін бұл мектептерді 14,5 мыңнан астам бала бітіріп, олардың әрбір төртіншісі Назарбаев Университетіне қабылданды. 2021 жылдың өзінде Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің 29 пайызы Назарбаев Университетіне, ал 78 бала әлемнің ең озық университеттеріне түсті.

К.Шәмшидинова PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері дүние жүзінде математикадан үшінші орында, жаратылыстанудан бесінші орында тұрғанын, оқу сауаттылығы бойынша тоғызыншы орында екенін айтты. Сондай-ақ Елбасыға зияткерлік мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадаларда қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылысының аяқталу барысы, оқытудың жаңа әдістемелерін енгізу және еліміздегі басқа да оқу орындарына Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Тегтер: ЕлбасыКүләш ШәмшидиноваНазарбаев зияткерлік мектептері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жүк көлігіне тиелген 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті

Елорда әкімі Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтады

Оралда пойыз ер адамды қағып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»