Германия канцлері қызметінен кеткеннен кейін қандай үйде тұрады? 
Германия канцлері қызметінен кеткеннен кейін қандай үйде тұрады? 
© AP Photo: Markus Schreiber
182
оқылды
Білдей бір ел үкіметінің басшысы тұратын үйдің мекенжайын интернеттен-ақ тауып алуға болады. Меркель мен оның жолдасы химия ғылымдарының профессоры, доктор Йоахим Зауэр Берлиннің орталығындағы көпқабатты үйде тұрады. Тұрғын үй атақты Пергам музейіне қарама-қарсы орналасқан. Жақын маңда Шпрей өзені ағып жатыр. Үйдің айналасында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына бірнеше жыл болыпты. Бұл туралы РИА Новости тілшісі хабарлайды. «Алайда құрылыс техникасымен қоса, трамвай мен метро вагонының у-шуына осы күнде әбден үйреніп кеттік», — дейді журналиспен тілдескен канцлердің көршілері.  [caption id="attachment_163194" align="aligncenter" width="590"] width= Ангела Меркель тұратын үйдің алдында қоғамдық көлік жүйткіп жүреді[/caption] Көпқабатты үй XIX ғасырда салынған, сондықтан да сәулет өнері ескерткіші саналады. Меркель мен Зауэр тұратын пәтер ең соңғы, яғни төртінші қабатта орналасқан. Үйдің айналасында ешқандай қоршау да, бақ та, арнайы аула да жоқ. Үйдің қасбеті зақымданғанын я сөгілгенін байқауға болады, алайда ол жерлері ақ түспен боялып тұр. Терезенің жақтауы да жай ғана ақ бояумен боялғанын аңғарасыз.  [caption id="attachment_163191" align="alignnone" width="1126"] width= © РИА Новости[/caption] Бұл үйде бас-аяғы алты пәтер бар екен. Неміс басылымдарының хабарлауынша, олардың қай-қайсында да зейнеткерлер не зейнет жасына жетеғабыл немістер тұрады. Халық арасында «темір фрау» атанып кеткен Ангела Меркель бұл үйге канцлер болмай тұрып-ақ көшіп келіпті. Ал үкімет басшысы болып сайланған кезде бұдан кеңірек қызметтік үйге көшуден бас тартқан екен. Өйткені профессор Зауэр еңбек ететін Гумбольдт атындағы университет те, федералды канцлер мекемесі де жақын маңда орналасқан. Бір қызығы, канцлер тұратын көпқабатты үйді бір ғана полицей күзетеді. Үйге кіреберісте әрдайым бір патруль көлігі тұрады екен. [caption id="attachment_163197" align="aligncenter" width="675"] width= © РИА Новости[/caption] Меркельдің Берлиндегі пәтерінен өзге тағы бір баспанасы бар. Уккермарк деревнясында орналасқан қарапайым үйде канцлер картоп егіп, қонақ шақырып, өзенде жүзіп демалғанды ұнатады. Берлиндегі үйді кез келген адам суретке түсіре алса, деревнядағы үйді кейінгі кезде қауіпсіздік мақсатында суретке түсіруге рұқсат етілмейді. «Сол себепті интернеттегі я ақпараттық агенттіктердегі фотолар сәл ескілеу, қазір үйдің айналасындағы қоршау әлдеқайда биік», — деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.  [caption id="attachment_163199" align="aligncenter" width="624"] width= Ангела Меркельдің Уккермарк деревнясындағы жер үйі[/caption] Төрт рет Германияның канцлері болған Ангела Меркель биыл 67 жасқа толды. Әдетте мұнда ел азаматтары 65-67 жастан бастап зейнетке шығады. ГФР Салық төлеушілер федерациясының есебі бойынша канцлер зейнетке шыққан кезде, оған айына 15 мың еуроға жуық зейнетақы берілетін болады. Еуропа тұрмақ, әлемдік саяси аренада Германияның ықпалын арттырған «темір фраудың» сонымен қатар кеңсе менеджері, хатшы және жеке жүргізушісіне қаржылай көмек алуына құқығы бар.  [caption id="attachment_163200" align="aligncenter" width="624"] width= Ангела Меркельдің жұмыс кабинеті[/caption] 26 қыркүйекте Германияда бундестагқа сайлау өтті. Оның қорытындысына сай, алдағы уақытта жаңа канцлердің есімі белгілі болады. Бірақ бұл науқан 5-6 аптадан бірнеше айға дейін созылып кетуі мүмкін.