Нұр-Сұлтан - Щучинск автожолындағы қарды күреп жатыр
Нұр-Сұлтан - Щучинск автожолындағы қарды күреп жатыр
© inform.kz
Нұр-Сұлтан - Щучинск автожолының Макинск қаласы маңында ауа райы бұзылып, қар жауды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта жолдағы қарды күреу жұмыстарына 8 арнайы техника жұмылдырылған. Жүргізушілерден сақ болып, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз. Туындаған барлық сауалдар бойынша 1409 нөмірімен call-орталыққа хабарласуға болады», - делінген хабарламада.
Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қатты жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыс пен солтүстік-батысты тұман басады. https://www.youtube.com/watch?v=2yVtF3aDfwg