Ақтөбеде жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ақтөбеде жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде Toyota Camry жүргізушісі екі әйелді қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz. 25 қыркүйекте Toyota Camry автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі "Қарғалы" тұрғын алабына келе жатып, жол бойында ілеспе бағытта бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының  медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген. Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жолда аса мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, басып озу маневрлерін қоспағанда, жылдамдық режимін шамадан тыс асырмауға, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шықпауға шақырады.