Елордада жол апатынан 5 автокөлік зардап шекті
Елордада жол апатынан 5 автокөлік зардап шекті
Фото: Ашық дереккөзден
Елордада BMW маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай, тұрақта тұрған көліктерге соғылды, деп жазады inform.kz.
«27 қыркүйек күні сағат 05:35 шамасында BMW маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Конституция көшесімен 18/1 үйге қарама-қарсы жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай қалған. Сөйтіп Renault маркалы тұраққа қойылған автокөлікке соқтығысып, одан әрі инерциямен Hyundai, Volkswagen және Toyota автокөліктері механикалық зақым алды», - делінген ведомство хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша BMW жүргізушісіне қатысты 610-бап 1-тармақ бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.